Балдырған

Бұл бетте «Балдырған» атты Бақыт Исаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2423
Талай бала жаздырып,
Үйлеріне алдырған.
Журналы ғой сүйікті,
Оның аты «Балдырған».

«Балдырғанға» шығады,
Түрлі әңгіме, ертегі.
Қиялыңды жетелеп,
Білімге ол ертеді.

Түрлі-түсті бояумен,
Ғажап сурет салдырған.
Шуақ сыйлап ән-жырмен,
Санаңда ізгі ой қалдырған.

Ашқан сайын қызықтар,
Журналда көп қызық бар.
Баурап алып кететін,
Кроссворд, түрлі сызықтар.

Міне, осындай әдемі,
«Балдырғанның» әлемі.
Өздеріңе арналған,
Аға, апайлар сәлемі.

Жаздырып алып, балалар,
«Балдырғанды» оқыңдар.
Үйреніп одан көп нәрсе,
Ойларыңа тоқыңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балдырған өлеңінің авторы кім?

Бақыт Исаева — осы өлеңнің авторы.

Балдырған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балдырған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыт Исаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балдырған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері