Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл – Абыл Тілеуұлы

Бұл бетте «Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл» атты Абыл Тілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7914
Ау, тақсыр, алған жарың жақсы болса,
Көңіліңді дүниеде бір қалдырмас.
Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл,
Жігіттік - өтер, кетер бір қызыл гүл.
Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас,
Қамшылап Әбу жылан мінсең дүлдүл.
Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас,
Алтайы беріктен қашқан итке алдырмас.
Ау, тақсыр, алған жарың жақсы болса,
Көңіліңді дүниеде бір қалдырмас.
Алғаның жаман болса, басың күтпес,
Кей пенде, Тәңір салса, тастап кетпес.
Жігіттер, болсаң тату, жақсымен бол
Дүниенің асылындай баға жетпес.
Ел болмас мақтаса да кісі еліндей,
Жіп тұсау - жаман жолдас - кісеніңдей.
Қанша жақсы десең де соңғы жолдас,
Бола алмайды әуелгінің мүшеліндей.
Ханымды сен айтасың келіншек деп,
Ханды ханым айтпағай еріншек деп.
Тіліңді халқың алса да, қатының алмас,
Бұзаудай ноқта тартқан шегіншектеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл өлеңінің авторы кім?

Абыл Тілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абыл Тілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері