Бұл бетте «EPIPHANJAS» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
(1786)
Үш әулие король бірде жолықты,
Пұл төлемей, арақ, асқа молықты,
Арақ, асқа сен іш, мен іш болыпты,
Пұл төлемей, арақ, асқа молықты.
Үшеуі:
Үш әулие біз корольміз, қараңдар!
Төртеу емес, үшеу-ақпыз, жарандар,
Үшеумізге тағы біреу қосылса,
Төрт корольдің керегі не осынша?
Бірінші король:
«Meн — бірінші, бетім аппақ, түр қандай,
Байқаңдаршы, күн жарқырап тұрғандай.
Арақтан тек маған пайда тиген жоқ,
Өмірімде қыз да мені сүйген жоқ»
Екінші король:
«Қараторы, ұзын тұра сұрқым бар,
Ән мен әйел десе, қозған құртым бар.
Арақ емес, елге алтын тараттым,
Жомарттықпен жұртты аузыма қараттым».
Үшінші король:
«Қап-қарамын, бойым және тәпелтек,
Тойда маған ән бастауды әкел тек.
Ішіп-жеуге келгенде мен сұмдықпын,
Ішіп-жесем, сыйлағанға құлдықпын».
Үш әулие король сосын шынымен
Сол бөлмеден іздей бердім түнімен
Әулие шал Иосиф, ана, баласын,
Жемде тұрған есегі мен танасын.
Үшеуі:
Мирро, алтын — бәрін жұртқа қиямыз,
Ханымдардың үстіне әтір құямыз.
Шарапты да аямаймыз үшеуміз,
Үшеуіміз алты адамдай ішеміз.
Отыр екен мұнда бәрі дананың,
Із-түзі жоқ, бірақ есек, тананың.
Құдай ақы, үшеуіміз адастық,
Қой, бұл үйден кетіп, енді әрі астық.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі