Ақын Ә. Аймақтың соңғы жаза алмай кеткен жыры – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Ақын Ә. Аймақтың соңғы жаза алмай кеткен жыры» атты Дәурен Айманбетов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 3895
(монолог)

Өлемiз-ау, бәрiмiз өлемiз-ау,
Көмемiз-ау, бiразын көмемiз-ау.
Ағыл-тегiл көз жасын төгемiз-ау,
Алла әмiрi деп сосын көнемiз-ау.

Қадiрiңдi бiлейiн, қадiрiңдi,
Қадiрiмдi бiл-ей, ұл, қадiрiмдi!
Мына басым тау-тасқа сан ұрылды,
Кетсем бiр күн сипарсың қабiрiмдi!

Өтемiз-ау бiр күнi сен де, мен де,
Кетемiз-ау, жер-бесiк тербегенде.
Денемiздi үйретiп көр дегенге,
Жетемiз-ау, жаратқан -кел дегенде.

Қадiрiңдi бiлермiз, қадiрiңдi,
Қадiрiмдi бiл-ей, қыз, қадiрiмдi!
Неге мына жұлдыздар бәрi мұңлы,
Көрер ме екем мен ертең тағы күндi?

Ей, жарларым, қырмызым, қызыктарым!
Ей, жандарым, ұл-қызым, бұзықтарым!
Сендерменен өткiзген күндердi шат,
Көз алдымда жатырмын тiзiп бәрiн.

Оу, жырларым, ақынды қиярмысың,
Оу, жылдарым, жүз томға сыярмысың?
Сендерсiңдер шығарған менi шыңға,
Тауыспақпын мен қазiр сиямды, шын!

Уа, замандас, о, сонда сүйкiмдi-ек бiр,
Уа, қаламдас, болсам да сиқырлы, өткiр,
Мен бiртүрлi алпыс жыл ұйықтамай-
Келгендейiн, қатты бiр ұйкым кеп тұр,
Ұйқым кеп тұр!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын Ә. Аймақтың соңғы жаза алмай кеткен жыры өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Ақын Ә. Аймақтың соңғы жаза алмай кеткен жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын Ә. Аймақтың соңғы жаза алмай кеткен жыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын Ә. Аймақтың соңғы жаза алмай кеткен жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері