Қалауын тапсаң жанады қар да – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Қалауын тапсаң жанады қар да» атты Дәурен Айманбетов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1903
Қалауын тапсаң жанады қар да,
Адамның ниет, талабы барда.
Жүрек жібітер таба алмай сөздер,
Жүдеп жүргенім саған ұнарға.
Көтермес жүкті арқалап нетем,
Хат шықпай тәуір әртарап кетем.
Ойымды өзіңе зергері сөздің,
Жеткізер ме еді Мархабат(1) көкем.
Шабыттанып құр, уа, не берем,
Поэзияның да құлагері емен.
Атымнан саған Әбілда(2) көкем,
Жазып берер ме ед бір әдемі өлең.
Жазғандарын жұрт жақұт санаған,
Қайда жүр осы Бақытжан(3) ағам?
Өзіңді жырлар шабытынан сәл,
Бере тұрса ғой уақытша маған.
Қалауын тапсаң жанса егер қарың,
Сөздерге тәтті тапшы емен, бар үн.
Әлемге сені мәлім ететін,
Өзім-ақ жазам жақсы өлең, жаным.
Қара да тұр!
1- М. Байғұт- жазушы
2- Ә. Аймақ- ақын
3- Б. Алдияр- ақын


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалауын тапсаң жанады қар да өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Қалауын тапсаң жанады қар да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалауын тапсаң жанады қар да өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қалауын тапсаң жанады қар да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері