Утопия – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Утопия» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1084
Нені және білмедім, кімді іздедім,
Жалғыз жанған таңдағы жұлдыз ба едім.
Күні ме едім ақпанның отызыншы,
Енбей қалған ішіне күнтізбенің.

Жалғыз екем қорыта білгенім, тек,
Шай құйып жүр жанымда бір келіншек.
Жыр ұқпайтын жандар да болады екен,
Бірге жылап, болмас па ед, бірге күлсек.

Пері ме едім пенде емес періште ме ем?
Сыймайм кейде жұрт сыйған кеңіске мен.
Бір тәттіні аңсаймын – ел ішпеген,
Бір танысты күтемін – көріспеген.

Шешіледі-ау жұмбағым соңында бар,
Күткенім һәм табылып, қолымды алар.
Мендік қиял құрғақ ой, бірақ сенем,
Утопия да кейде орындалар.

Кімді іздедім білмедім, нені іздедім,
Тереңдігі беймәлім теңіз бе едім?
Әлі қанша жоқ қуып, үміт қылам,
Бүгін міне, жиырма сегіздемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Утопия өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Утопия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Утопия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Утопия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері