Өлең, жыр, ақындар

Сергелдең

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 936
Күндерім қаншама өтті,
Өзіңсіз қараңменен.
Сағыныш сарсаң етті,
Жаным-ау, саған деген.

Түсірем неге еңсені,
Төзімім осал неге?
Іздеумен келем сені,
Салынып бос әуреге.

Ұмытам қалай, білмен?
Өткен шақ бәрі дерлік.
Үмітпен қараймын мен,
О-о-ой, қандай әбігерлік.

Тағдырым кер келген бе?
Дүрбелең өлең бұл бір.
Салды ғой сергелдеңге,
Жалғыздық деген құрғыр.

Есігін кешегінің,
Анық қой жай жаппасым.
Гүлі боп төсегінің,
Кімменсің, қай жақтасың?

Тек өзің ғана, жаным,-
Ойларым – бірден-бір сен.
Дәл қазір ақ ажарлым,
Қай жақта, кімменсің сен?

Ендігі тосу ғана!
Іздеп-ем көп ерсініп.
Амалым осы ғана,
Басқасы бекершілік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сергелдең өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Сергелдең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сергелдең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сергелдең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері