Ана тілін ар тұтқан қазақ елі – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Ана тілін ар тұтқан қазақ елі» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1476
Ана тілің – арың бұл!..
(Қ Мырзалиев)

Ана тілін ар тұтқан қазақ елі,
Әдебиеті сондықтан ғажап еді.
Бабалардың болмаса тіл мен руһы,
Вандалистке айналуы аз-ақ еді.
Гүрілдеген руһ пенен болмаса тіл
Ғұмыр кешу мүмкін деу далбаса тым.
Дегенімен ондай ел көп әлемде,
Егесініп әлемді паң басатын.
Жаралған сөз әуелде, келеді аман,
Заман жазған куә көк көне ғалам.
Иреленген ғасырдан көк бөрі еміп,
Көне көзін көрген – тіл, демек Анаң!
Қасиетін сезер ме ед қазақ әбден,
Ластама Ана тіліңді, азар әлден!
Мағынасыз сөйлесем тілді ардақтап,
Нақ мынадай өлеңді жаза алар ма ем?
О, данышпан, көп көрген тілім арда,
Өзенідей Алаштың тұнық арна.
Пайғамбарын Абайдай парасаттың,
Расында сен қосқан-ең ұлыларға.
Сан ғасырлар нешеме шектің азап,
Тыйым салып өзіңе, етті мазақ.
Уласа да ұлтыңның санасын сан,
Ұмытпады өзіңді текті қазақ.
Үстем таптың босанып бодауынан,
Феодалдың құтылып, о, дауынан,
Хұрсант қылып оралдың тәуелсіз боп,
Центнер-центнер арылды-ау сана уынан.
Шыдамдысын нәп-нәзік өзегіңнің,
Ықылымнан сабырлы-ең, төзе білдің.
Іңгәлатқан зар заман қалды артыңда,
Япырым-ау, шарықта, өз елің бұл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана тілін ар тұтқан қазақ елі өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Ана тілін ар тұтқан қазақ елі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана тілін ар тұтқан қазақ елі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ана тілін ар тұтқан қазақ елі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері