Бұл бетте «Самала кештің сәулесі» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күйзеліп кеткенің бе шын? Күрсінгенің не?
Білемін.Несін күрсіндің, білсін дедің бе?
Өпкенде нәзік , әдемі сырың кеп беттен
Жүрек те сорлы, өрекпіп, дірілдеп кеткен.
Албырап өңім алдыңда қысылғанымда,
Қиял көгіңнен көгершін ұшырмадым ба?
Жаныңды тербер өлеңім- жан дауа ма еді,
Ішкі дауысым тынбайды - «Баурама мені!»
...Самала кештің сәулесі. Абай атаның
Жанында ылғи сені ойлап бара жатамын...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі