Т. Нұрмағанбеттiң "Жер иiсi" романынан соң – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Т. Нұрмағанбеттiң "Жер иiсi" романынан соң» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 765
Адасып бiр бұлт келiп, ери iшi,
Қалды астында ақ жауын нөпiрде ауыл.
Көтерiлдi шаңменен жер иiсi,
Топырақты дымқылдап соқыр жауын.
Соқыр жауын жөнiне кете барды,
Қайта ұшырып көгершiндердi бишi.
Танауыңды жұпарлап өтер әлгi,
Құшырлана сордым кеп жердiң иiсiн.
Сонда-дағы басылмай, о, құмарым,
Сарқып жұтам ауаны, еш қанбаймын.
Тамшы тиген туған жер топырағын,
Мейiрлене иiскеп аспандаймын.
Күйiмдi бұл масайып боп аңғарғам,
Алпыс екi тамырым кеп иiсiн.
Қалада ғой, айналаң бетондалған,
Сағыныппын даланың жер иiсiн.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері