Ғайыптың құсы – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Ғайыптың құсы» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1633
Арманым асыл бейне, ерке қылық,
Елесіңді желге айтам ертегі қып.
Сарғайған жапырақтан нөкер ертіп,
Түн сайын жоқ қараймын, бөрте мініп.
Айналды аңсау, іздеу машығыма,
Қайдасың, көрінсеңші ғашығым-ау!
Жалғыз саған жетуге асығамын,
Жұлдыздардың бұрылмай лашығына.
Жанарларға арбалмай жымыңдаған,
Тұңғиықтан сені іздеп мың ұрланам.
Қарақшы күдіктермен сайысамын,
Сақтауға саған жазған жырымды аман.
Көрсоқыр болып сәтте көргенді әлем,
Тіріледі сұмдықтар көрден бәлем.
Қызыққұмар, қаніпезер қаңқулардан,
Қашып жүріп құтылам өлгенде әрең.
Білмеймін,
Сен қасыма сан келдің бе?!
Аңсаудан арылмадым ал мен мүлде.
Енді таба бергенде елесіңді,
Ғайып болып кетесің таңмен бірге!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғайыптың құсы өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Ғайыптың құсы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғайыптың құсы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғайыптың құсы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері