Жапырақтан жалғыз тамшы ағызып – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Жапырақтан жалғыз тамшы ағызып» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 949
Жапырақтан жалғыз тамшы ағызып,
Гүлін баптап жерден алыс бақшамның.
Әр кеш сайын кірпігімнен тал үзіп,
Тамырына қадап қоям ақшамның.
Сосын сені қиялдаймын, ажарлым,
Күлкісінен естіртетін сәби леп.
Ерніне ынтық болған ажалдың,
Түн жатады құшағымда зар илеп.
Адастырып, армандаған аңқау бақ,
Кетті алысқа шырын үміт құс мініп.
Жатырсың ба ерніңді талқандап?
Сен де сондай бір құшақта қыстығып.
Шын сүюді ұғындырған асылым,
Тағдырға ашық айтпағанмен сен өкпе.
Аяушылық білдіресің жасырын,
Құшағыңда ұйықтап жатқан бөбекке.
Бақыттымын,
Өкінемін несіне?
Жаралғам ғой жалғыз сені жырлауға.
Ең алдымен мен түсермін есіңе,
Ошағыңа от жаққалы тұрғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапырақтан жалғыз тамшы ағызып өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Жапырақтан жалғыз тамшы ағызып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жапырақтан жалғыз тамшы ағызып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жапырақтан жалғыз тамшы ағызып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері