Жүрек саған – Үміт Шәріпова

Бұл бетте «Жүрек саған» атты Үміт Шәріпова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1099
Көңіл қалай ұмытады...білмедім,
Түсіп еді отқа, суға, күйге мың..
Ұмытамын дегенімен жүректің
Ұмытуға дәрмені жоқ сүйгенін.

Жаттың сөзі аямады, жылатты,
Ақ жаныңды күншілдерге сынатты.
Өзгерсе де бүкіл әлем құбылып,
Сен өзгермей соғып тұрсың, тұрақтым.

Мейлі дейсің мазаласын тылсым дем,
Сүйем дейсің үнсіз ғана дүрсілдеп.
Ұзақ түнге мен көз ілмей жатқанда,
Сен емес пе ең жалын ата күрсінген?..

Кешір мені, қинадым-ау мазалап,
Бәрін өзің көтересің азап-ақ.
Жанарымнан сырғып аққан жасын жыр,
Мұң кеудемді жатырсың ба тазалап?..

Бір көтеріп тағдырымның салмағын,
Қарсы алыппыз сағыныштың таңдарын.
Аялайын енді сені кел, күнім,
Сен де мені жеккөрмеші, ардағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек саған өлеңінің авторы кім?

Үміт Шәріпова — осы өлеңнің авторы.

Жүрек саған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек саған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Үміт Шәріпова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек саған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері