Саған – dinalitpin

Бұл бетте «Саған» атты dinalitpin жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Саған...

Салқын мұңын сепкенінде қоңыр күз,
Бұл махаббат болды біздің сорымыз.
"Бəрін қайта бастайықшы" демеші,
Айырылсын мəңгілікке жолымыз.

Тек сен емес, тағдыр берсін берерін,
Бір үмітпен өмір сүріп келемін.
"Қолыңды бер, əлем қарсы тұрса да"
Қайда кетті "жібермеймін" дегенің?

Бəлкім менен өзге жанға ұнарсың,
Жүрегіңді қайта. жаным. құрарсың.
Төңкерілген түннің тəтті сəтінде
Сен де мені сағынатын шығарсың?

Қайғың үшін жүрме мені қаралап,
Кетсем егер жүрегіңді жаралап.
Сыйламадым сендік нəзік сезімді,
Кешші, күнім, кінəлі шын - махаббат.

Жүрегімді бергеніммен саған шын,
Жарамдылық мерзіміне қарарсың.
Мендік дəурен өтті, саған тілерім
Лайым менен жақсы бір қыз табарсың.

"Сүйем" деп ең, соншалықты мені шын,
Мен бергенмен, жүрек бермес келісім.
Ендігəрі ойламаймын мен сені,
Енді, жаным, жыламаймын сен үшін.

Бауыр басып қалғаныңды мойында,
Сен де тұрсың əлі менің ойымда.
Болды, қалқам, тоқтатайық, енді мен -
Тілек айтып тұрайыншы тойыңда.

Балалықпен пішкен тоңым келте екен,
Өкініштен өртенген жан, өрт екен.
Кешір. қалқам, сен арқылы ұғындым
"Сүю" деген сезім маған ерте екен.

Талай-талай сөз айтылған еңселі.
"Шын ғашықтар қосылмайды" деуші еді.
Рас екен-ау, енді шіркін жүректен
Жұлып алып тастасам ғой мен сені.

Авторы: Дина Литпин


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саған өлеңінің авторы кім?

dinalitpin — осы өлеңнің авторы.

Саған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде dinalitpin өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар