Ай - жалғыз, мен де – Үміт Шәріпова

Бұл бетте «Ай - жалғыз, мен де» атты Үміт Шәріпова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.11.2020
  • 0
  • 0
  • 780
Еріксіз қимай батты күн,
Түн келді үнсіз қарсы алдым.
Ұзатып салып жолдарды,
Шамдары жанды вокзалдың.

Қараңғы жүзін жасырды,
Сағыныш, сағым, арманның.
Түнменен бүркеп сезімді
Сағынышыммен қалғанмын.

Айқаспай қойды кірпігім,
Жанымды торлап кесте мұң.
Қалады жаным, жүрегім,
Самалдың еппен ескенін.

Ай - жалғыз, мен де - жалғызбын,
Мұңайып батты күн бүгін.
Көтеріп тастап келші енді,
Сағынышыңның түндігін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай - жалғыз, мен де өлеңінің авторы кім?

Үміт Шәріпова — осы өлеңнің авторы.

Ай - жалғыз, мен де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай - жалғыз, мен де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Үміт Шәріпова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ай - жалғыз, мен де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері