Баянауыл вальсі – Қабдыкәрім Ыдырысов

Бұл бетте «Баянауыл вальсі» атты Қабдыкәрім Ыдырысов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көрдің бе, сен, Баянның шың-құздарын,
Кеудесінде ойнаған жұлдыздарын?
Көрдің бе, сен, Баянның баурайында,
Жайраң қағып жайнаған ұл-қыздарын?

Асқақтатып Ақбеттен Баян әнін,
Жер сұлуын келсе егер аялағың.
Жасыбайдың көлінде сайран салып,
Саяла, сен, жұпарлы сая бағын.

Баянауыл басынан күн аумайды,
Көл бетінде күлімдеп нұр ойнайды.
Алматыдан алыстау демесеңдер
Алатаудан Баяным бір аумайды.

Таулары биік айбынды,
Көлдері мөлдір айдынды.
Қыздары көркем май гүлі,
Баянның
Ұлдары көпке әйгілі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баянауыл вальсі өлеңінің авторы кім?

Қабдыкәрім Ыдырысов — осы өлеңнің авторы.

Баянауыл вальсі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баянауыл вальсі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қабдыкәрім Ыдырысов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баянауыл вальсі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері