Алатау – асқақ, арқа шың – Қабдыкәрім Ыдырысов

Бұл бетте «Алатау – асқақ, арқа шың» атты Қабдыкәрім Ыдырысов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алатау – асқақ, арқа шың.
Шық та шыңға жайшы жалпақ
Қазақстан картасын.
Қарашы сонда, қалқашым,
Кең жазира еліңнің
Атырау,
Алматы,
Алтай,
Арқасын!
Қазақтың жері – мол арна,
Сай-саласы, кең даласы
Сәулетімен жаңарған.
Ғарышкерлер – ақ арман,
Біздің жерден ғарышқа ұшып,
Біздің жерге оралған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатау – асқақ, арқа шың өлеңінің авторы кім?

Қабдыкәрім Ыдырысов — осы өлеңнің авторы.

Алатау – асқақ, арқа шың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алатау – асқақ, арқа шың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қабдыкәрім Ыдырысов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алатау – асқақ, арқа шың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері