Қабдыкәрім Ыдырысов
Қабдыкәрім Ыдырысов (1928-1978) Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Октябрьдің 25 жылдығы атындағы кеңшарда туған.
1948 жылы Павлодар педучилищесін, 1962 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.
1948–1952 жж. Павлодар облыстық Кеңесі атқару комитетінде істеген, 1952–1957 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, 1957–1961 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшы, 1965–1972 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1972–1975 жж. Қазақ мемлекеттік кітап палатасының директоры, 1975–1978 жж. «Жалын» баспасының директоры қызметтерін атқарды.
Үлкенді-кішілі отыздан астам кітабы жарық көрген. А.Пушкин, М.Лермонтов, Н.Хикмет, Т.Шевченко, А.Барто, С.Михалков, С.Вургун өлеңдерін аударған.
Қазақ КСР-нің Құрмет Грамотасымен, «Еңбектегі ерлігі үшін», т.б. медальдарымен марапатталған. Халық ағарту ісінің озық қызметкері.
Шығармалары: Ертіс-толқын. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1979; Әке жолы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1963; Адамның кейбір кездері. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Армысың, Арабстан. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Жолыққан жолдар. Таңдамалы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1977; Таңдамалы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Я расту. Стихи. А., «Жалын», 1976; Доброе сердце. Стихи. А., «Жазушы», 1973; Аршында, балақай. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Екі томдық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі