Баянауыл вальсі
Бұл бетте «Баянауыл вальсі» атты Қабдыкәрім Ыдырысов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 11.09.2024
- 0
- 0
- 1915
Көрдің бе, сен, Баянның шың-құздарын,
Кеудесінде ойнаған жұлдыздарын?
Көрдің бе, сен, Баянның баурайында,
Жайраң қағып жайнаған ұл-қыздарын?
Асқақтатып Ақбеттен Баян әнін,
Жер сұлуын келсе егер аялағың.
Жасыбайдың көлінде сайран салып,
Саяла, сен, жұпарлы сая бағын.
Баянауыл басынан күн аумайды,
Көл бетінде күлімдеп нұр ойнайды.
Алматыдан алыстау демесеңдер
Алатаудан Баяным бір аумайды.
Таулары биік айбынды,
Көлдері мөлдір айдынды.
Қыздары көркем май гүлі,
Баянның
Ұлдары көпке әйгілі.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі