Бұл бетте «Қайдасыңдар, достарым?» атты Қабдыкәрім Ыдырысов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 11.09.2024
- 0
- 0
- 5587
Бірге тойлап бірге өткізген,
Жалындаған жас шағын.
Талай қызық күнді өткізген,
Қайдасыңдар, достарым?
Бәріміз де таптық бүгін,
Бақыт жолын іздеген.
Дос үміті, достық сенім
Әрқашанда бізбенен.
Жүрсек-тағы қиыр шетте,
Досты ұмытқың келмейді.
Достық жалын бар жүректе,
Суымайды, сөнбейді.
Достар, достар,
Жүрсің қайда,
Бірге еді ғой жанымыз.
Еске алысып осындайда
Кел, шырқайық бәріміз!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі