Ойлан, тап

Бұл бетте «Ойлан, тап» атты Қабдыкәрім Ыдырысов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кел балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.

Қайырмасы:
Ал балалар тыңдаңдар,
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық деп және
Бөгеліп те тұрмаңдар.

Бәрің жақсы тыңдаңдар,
Бөгеліп көп тұрмаңдар.
Жұмбақ та бар аспан көк,
Самолетпен зырлаңдар.

Қайырмасы:

Жұмбақтар бар өзен, көл,
Пароходпен жүзіңдер,
Айдын суға шомылып,
Ақ шабағын сүзіңдер


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері