Көлді аңсау – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Көлді аңсау» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 883
Туған жердің аспаны мен көліндей,
Көкшіл түсті жақсы көрем (таласпан).
Сәлемім сол келер болсаң ерінбей,
Бір жұтым су ала келші Қанастан.

Көшіп – қонып жүретұғын тауымда,
Сәжде бұлттар Алтайыма жарасқан.
Ескертіп қой ұмытпасын ауылға,
Бір қыз бар деп шегарадан ары асқан.

Туыстарға жалғызсырап жүр деме,
Ағайын – дос таптым талай алаштан.
Оқиды өлең, айтад дерсің бірдеме,
Әр күн сайын мезгілдерде таң атқан.

Қыс қой мынау тоңып қалған жоқ па екен,
Сәлемімді жеткізерсің қайыңға.
Еркелігім туған ауыл жақта екен,
Батып жүр деп айта көрме уайымға.

Ат тұяғы бүлдіргенге боялған,
Құс үнінен оянатын гүл мекен.
Нар ағалар, қарттар таяқ таянған,
Бәрі-бәрі аман-есен жүр ме екен?

Туған жердің ашты ма екен шырайын,
Өрімдей жас ұл мен қыздар баталы.
Сұлу Шоқы қарсы алып үн-түнсіз,
Кетерде үнсіз қалғаны да батады.

Жол білгендер ғана шығар жотаңа,
Жолдар салды деп естідім тегістеп.
Үлбіреген сағыныш ең ботаңа,
Ерімейтін бара жатсың беріш боп.

Таңдай кеуіп аңсаймын да құмартам:
Бір жұтым су ала келші Қанастан.
Лағып кетем, сені есімнен шығарсам,
Ұшаққа ұқсап радардан адасқан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көлді аңсау өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Көлді аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көлді аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көлді аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері