Жыр дәптерім

Бұл бетте «Жыр дәптерім» атты Мағиза Құнапияқызы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 661
Сенде жатыр өмірдің гүл көктемі,
Төрт шумаққа сиды да бір беттегі.
Саған бәрін ақтарып айтып алмай,
Көзімнен мұң көңілден кір кетпеді.

Қолым тисе өзіңді бассаламын,
Өлең туса тәуірлеу шаттанамын.
Саған айттым ең жақын сырларымды,
Қайда барсам қасымнан тастамадым.

Қайда барсам тастамай алып жүрдім,
Саған жақтым алауын жалын жырдың.
Жеткізбеген арманға жетемін деп,
Сені бұлдыр тұманға малындырдым.

Саған айттым сәуірдің ескен желін,
Саған мәлім басымнан кешкендерім.
Сен өзімді оқыттың қайта маған,
Сырласы болмай тұрып еш пенденің.

Барлық бетің жырыммен шимайланды,
Ертең қандай білмеймін силайды әнді.
Арман менен мендегі сағыныштар,
Сенің соңғы бетіңе сыймай қалды…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыр дәптерім өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жыр дәптерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыр дәптерім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жыр дәптерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері