Ат пен есек
Бұл бетте «Ат пен есек» атты Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біреудің есегі мен бар еді Аты,
апарар бір қалаға болды заты.
Аты мен есегіне артып алып,
Аяңдап жолға түсіп келе жатты.
Жүк ауыр, есек сасып, алақтады,
Иесі демалуға қаратпады.
Әл кетіп, жығыларға таяғанда,
Жалынып атқа есек сөз айтады:
Ат достым, жүгім ауыр, халім бітті,
Емеспін жүре алатын енді тіпті.
Зорығып, жолда өліп қалатынмын,
Алмасаң ауыстырып біраз жүкті
Ат оған ешбір жауап қайтармайды,
Ауырлап жүгін, есек қайқаңдайды.
Ентігіп, ішін соғып, дымы құрып,
Жүруге онан әрі жайы қалмайды.
Жығылды есек байғұс дымы құрып,
Тұрмады айдаса да иесі ұрып.
Сойды да, жүгін, терісін атқа салып,
Қалаға келе жатты тағы жүріп.
Қараңдар, шара бар ма мына сорға,
Аяғын ат келеді басып зорға.
Қысымды есек көрген бұ да көріп,
Болдырып, былғақтайды оңды-солға.
Өкініп өткен іске ат келеді:
"Мен қате еткен екем... Аһ! - деді.-
Есектен аз жүк алып, қарасқанда,
Қиындық мұндай маған болар ма еді?"
Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ керек?
Мысалы, еткен қайыр бір бәйтерек.
Қайырың біреуге еткен болып терек,
Көрерсің рақатын көлеңкелеп.
Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде
-Біреуге қысылғанда жәрдем бермек.
Кейбіреу зор бейнетке тап болады,
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп.
Керемет
Жақсы
Жаксы
Күшті
Жаксы кушти
Өте нашар
Керемет
керемет
Керемет
Толғандырарлық
Өте керемет өлең
Өте керемет жазылған
Əдемі
Шын журекпен жазылган
nice.
Өте керемет
Тамаша
маган унады
Өте жақсы ұйқасты өлең маған ұнады !
Күшті керемет әсерлі тамаша жақсы niceeeeeee
Өте керемет!
Өте керемет
Және әсерлі, жақсыыыы
Керемет маған қатты ұнады
Біз туралы жазып қойыпты
Кушти
Күшті
Күші
Отее керемет десен иә хахахха
Өте керемет ????жақсы дами бер
Ахмет Байтұрсынұлының Ат пен есек өлеңі өте керемет
Керемет жазылған
Бұл өте күшті және қызық өлең екен.