Өлең, жыр, ақындар

Торыны таң асырып мінген қандай

  • 09.11.2015
  • 1
  • 2
  • 18423
Торыны талға байлап мінген қандай,
Үкілеп әсемдетіп жүрген қандай.
Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып,
Сыбанып ақ білекті түрген қандай.
Күнінде уағда еткен қалқа жанның
Жетуге ынтызар боп жүрген қандай.
Ауылы қыз қалқаның қайда екен деп,
Жүгіріп сайлау жермен келген қандай.
Атыңды бір тасаға байлап тастап,
Тұсынан ақ боз үйдің төнген қандай.
Сөз салып қалқажанға жеңгесінен,
Құрбыңмен сыпайы ойнап, күлген қандай.
Ишарат әзілменен сөз қатысып,
Қыз сырын жеңгесінен білген қандай.
Алаңдай, алабұртып тұрғкныңда,
Алдыңнан қарсы шықса ақша маңдай.
Құрбыжан, ебін тауып келдің бе деп,
Ақсиып күрек тісің күлген қандай.
Қалқажан күле қарап , жүр дегенде,
Ақ үйге есік ашып енген қандай.
Жамылып екеуара бір шапанды
Айқасып тар төсекте жатқан қандай.
Мойныңа ақ білекті арта тастап,
Тіл дәмін бір - біріңнің татқан қандай.
Сол жерде айтылмаған сыр қалмайды,
Кілт ашып ақсандықты ақтарғандай.
Ойынның қызығымен білмей қалып,
Машырықтан таң сарғайып атқан қандай.
Тұрыңыз, үйге сәуле кіріпті деп,
Біріне бірі айтқан қандай.
Сол кезде көңіліңе түссе қорқу,
Мысықтан тышқан қорқып сақтанғандай.
Ақырын үйден шығып таң алдында,
Манағы сайдағы атты тапқан қандай.
Шылбырын сал торынының қызға беріп,
Шақшаны қағып - қағып атқан қандай.
Насыбай өз әлінше о да тәтті,
Аллдыңда қарап тұрса ақша маңдай.
Көтеріп қолтығыңнан аттандырып,
Артыңнан тұрса қарап көзін алмай.
Ойласаң бұл дүниеде не қызық бар,
Қасынан қалқажаннның аттанғандай.
Торыны жүгіртесін көңіл тасып,
Біреуден ебін тауып ақша алғандай.
Ауылыңа өлеңдетіп сен қайтасың,
Бәйгеден атың келіп шаттанғандай.



Пікірлер (2)

Нағи

Жігіттік жастық шаққа жазылған. Бірақ имандылық тұрғысынан алыстап кеткендей

Əбдісалан

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Сырымбет

  • 0
  • 0

Аулым қонған Сырымбет саласына,
Болдым ғашық ақ сұңқар баласына.
Бидайыққа лайық қарағым-ай,
Бөктергіге қор болып барасың ба?

Толық

Жақсы әйелдің сипаты

  • 1
  • 0

Ақ жүзді әйел алсаң бойы сұңғақ,
Қасыңа шақырғанда келсе зулап.
Дауысы «әу» дегенде әрең шығып,
Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ.

Толық

Жаман әйелдің сипаты

  • 0
  • 0

Болмайды сұлу қылықты жаман қатын,
Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.
Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп,
Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын.

Толық

Қарап көріңіз