Табиғаттың шығыны – Омарғазы Айтанұлы

Бұл бетте «Табиғаттың шығыны» атты Омарғазы Айтанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1042
Кеше жауған жаңбырдың
Кештен қалған жұғыны
Ғайып болған таң ата –
Қайда кетті табиғаттың шығыны?
Жұп-жұмсақ бұйра шаштарды
Бұзған не?
Алтын сырға астындағы
Ақ дидарды сызған не?
Түс емес еді бәрі де,
Бірақ түске бергісіз.
Шіркін, сондай шақтар-ай
Екі айналып келгісіз!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері