Бұл бетте «Сындырып алма» атты Омарғазы Айтанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Махаббат тұнық әйнек,
Сенесің бе?
Ұқсайды ол ұйқыдағы елесіңе.
Ашық аспанда ғана ма
Тұнықтық – су бетінің де.
Ұлылығы
Махаббаттың құдіретінде.
Пай-пай,
Мөлдір-ай өзінің!
Десеңші жадырай қалатыны
Екі көзінің.
Көрініп тұрады сонда
Жүрегі дәл тұсынан.
Көрінгендей көкірегінің
Әйнек ыдысынан.
Екі жұп – бір,
Екіні қосып бір етіп.
Ентелейді екі дидар
Сен оған, ол саған өтіп.
Жұп-жұқа тас шыны – әйнек,
Ол соның ішінде.
Сындырып алма, кірлетпе,
Ұстатпа және басқа кісіге!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі