Ертең не болар

Бұл бетте «Ертең не болар» атты Омарғазы Айтанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1117
Ертең не болар,
Кім бар үй сыртында?
Ұқсайды кешкі іңір
Сәуірдің бұлтына.
Бүгін...
Дәл бүгін – осы күн
Былтырда ашық тұрған.
Екі жолаушы секілді
Бір ауылдың екі бойжеткені
Бірін-бірі асықтырған.
Бәлкім ертең боран соғар,
Шарқая кемпір немересін ұрып.
Күн жайлатар ма екен
Семіз бәйбіше мезгілсіз іргесін түріп.
Әттең, ертең!
Күйеу келіп,
Әттең, бір келін түсірілсе!
Не болар?
Өзгеге ашты,
Өздеріне неке суы іштірілсе!
Апырау, ертең табыт тұрар ма?
Несі екен
Жалғыз бөкен ен далада шаңырқап.
Бір жөні болар, қайтейік енді
Бәріне бірдей жабырқап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ертең не болар өлеңінің авторы кім?

Омарғазы Айтанұлы — осы өлеңнің авторы.

Ертең не болар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ертең не болар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Омарғазы Айтанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ертең не болар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері