Сенен артық бақ сұрап – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Сенен артық бақ сұрап» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1363
Сенен артық бақ сұрап
отырғам жоқ,
бір түрлі –
сенің кезің жақсырақ
болатұғын сықылды.
Литфондыға жұрт бірден,
танылмайтын сықылды.
Қатал бастық күттірмей
қабылдайтын сықылды.
Үкімге емес,
адам бір
назға құлар сықылды.
Бүгінгіден жаман жыр
аз жазылар сықылды.
Бүгінгіден екі әлем
жақын тұрар сықылды.
Бір ас-үйде екі әйел
тату тұрар сықылды.
Пысық жары тас түлек,
күйеуіне бір түрлі,
ақшаны аз таптың деп
кінә артпайтын сықылды.
Бәрі көрген көзінен
тойым тартар сықылды.
Өтірікшінің сөзі де
қою тартар сықылды.
Сенің күнің өрлейді,
күндеуге де болады-ау...
осыншаны көрмеуім
маған тіпті обал-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенен артық бақ сұрап өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Сенен артық бақ сұрап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенен артық бақ сұрап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенен артық бақ сұрап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері