Бұл бетте «Біздің құрал» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біздің құрал
Жаудікіндей шон емес.
Біздің құрал
Жалғыз ғана оқ емес.
Созса тырнақ,
Құлы қылмақ,
Желкеге ұрмақ,
Жауға қарсы
Атар оқ та жоқ емес...
Біздің құрал — Маркс
— Ленин ұраны,
Қанау тапқа
Қарсы, шындық тұраны,
Біздің құрал,
Жауды қырар,
Мәңгі тұрар,
Біздің құрал —
Құралдың зор құралы...
Жау құралы
Бізді жеңер құрал ма!
Біздің флот
Қорқып бетін бұрар ма?
Ленин — туда,
Ленин нуда,
— Жерде, суда
Бізге қарсы
Шыдап дұшпан тұрар ма!..
Ленин қолын
Алға сілтеп созып ед,
Біздің флот
Жауды атқылап озып ед,
Майдан қызып,
Жауды бұзып,
Шебін үзіп,
Құрсаған жау,
Быт-шыт болып тозып ед.
Еңбекші елдің
Кегін жауға татырдық
Мырш топты
Дәлдеп ылғи қатырдық.
Жау уласты,
Тітіреп састы,
Оттан қашты,
Сан кемесін
Быт-быт қылып батырдық.
Жау
Уласты,
Жау
Шуласты,
Састы.
Қашты...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі