Шалғайда құшты қара жер – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Шалғайда құшты қара жер» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1405
Жар басында жапалақ
Өсектесе бүркітті,
Түлкі тыңдап тасалап,
Жасырын қағаз түртіпті.
Мерт болды Сәкен ағамыз,
Атылып кетті Мағжан да...
Үкілі Ыбырай бабамыз,
Атақты ақын Тайжан да.
Тарихқа біткен тарлан ер,
Құлады биік тұрғандар.
Шалғайда құшты қара жер
Елім деп еңіреп туғандар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері