Жұмбаққа толы дүние

Бұл бетте «Жұмбаққа толы дүние» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1776
Түңіле берме өмірден,
Түңілгенде не етерсің?
Күңірене берсең күн­түні
Күпір де болып кетерсің.
Ашам деп көңіл сарайын
Көп күлгенде не етерсің?
Кеңкілдей берсең күн­түні
Кеңкелес болып кетерсің.
Иіле берме әрнеге
Иілгенде не етерсің?
Бүгіле берсең біржола
Бүкір де болып кетерсің.
Көтере берме кеудеңді
Көпіріп қайда жетерсің?
Көбіктің түбі – өтірік,
Үп етсе ұшып кетерсің.
Бойыңа сыймай қуатың
Бұзып­жарғанда не етерсің?
Қиянат, обал арқалап,
Бір күні мүрдем кетерсің.
Сұлумын деп сүйініп
Секеңдегенде не етерсің?
Сүйкене берсең әрнеге
Сүйкімсіз болып кетерсің.
Үрейге бойды алдырып
Үрпигенде не етерсің?
Үңги берсең өзіңді
Кеуек боп босқа кетерсің.
Әр нәрсе тәтті дәмімен,
Бәрін де татып өтерсің.
Жұмбаққа толы дүние­ай,
Мәніне қайтіп жетерсің!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмбаққа толы дүние өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Жұмбаққа толы дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмбаққа толы дүние өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмбаққа толы дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері