Өлең, жыр, ақындар

Ана тілім – байлығым

Ана тілім сен арқылы ән айтам,
Ана тілім сен деп бүгін жыр жазам.
Ана тілі - сені сыйлай алмасам,
Ел-жұртыма сұрағанда не айтам?!

Ақ бесікте жатып тыңдап әлдиді,
Әр дыбысың бала жанды тербейді.
Сенің үнің әсем әрі шырайлы,
Бір өзіңмен өткіземін күн, айды.

Сыйламай, қастерлемей, сақтамаған,
Отанының үмітін ақтамаған.
Бар адамдар ұмытқан ана тілін,
Өткізген өзге тілмен әрбір күнін.

Сағына аңсап өзінің ана тілін,
Жүрді ғой Мысырда Фарабиім.
Қазақтың тіпті ұлы даналары,
Бас иіп құрметтеген дара тілді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз