Өлең, жыр, ақындар

Бір-ақ сөз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1549
Керегі не
Аттанның да,
Айғайдың?
Айнытады ақылыңнан
Ойбай мұң.
Сабыр керек
Дүниеге жынданған,
Жанға шипа
Болар сөзді ойлаймын.
«Жетем десең
Жер жүзілік мақтанға,
Дауылдай соқ,
Өрттей лаула,
Аттанда!»
Деп қайрайды...
Кімге дәрі тентек сөз
Жарты ғалам
Күйіп,
Жанып жатқанда?!
Жалмап,
Жұлып
Жанталасқан жаһан да,
Көкірегі
Көк тіреген қаһан да,
Қандай сөзге
Тоқтар екен,
Тойымсыз
Нақақ қанды
Кешіп жүрген наһан да?!
Ұмытылып
Иман, ұят, мейірім,
Сұлулық та
Селт еткізбей зейінін,
Неге адамның
Тамырларын
Жын буып,
Жалмауыздық
Жаулап алған пейілін?!
Сабыр,
Тәуба,
Шүкір десек ұғар ма,
Әлде адамзат
Қан төгуге құмар ма,
Бірін­бірі қырып­жойып,
Билесе,
Біз ұқпайтын
Бір ұшпаққа шыға ма?
Жер жүзінің
Тіршілігін тәмамдар
Ақырзаман
Келсе қандай амал бар?..
Тоқтайықшы
Түсінікті бір сөзге:
Бір­біріңе
Оқ атпаңдар, адамдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір-ақ сөз өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Бір-ақ сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бір-ақ сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір-ақ сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері