Нөмір мен өмір – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Нөмір мен өмір» атты Баянғали Әлімжанов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1731
Құдай білер
Шектен шығып тасқанды,
Халық сүймес
Қалыбынан асқанды.
Бірінші орын,
Екінші орын,
Үшінші...
Деп нөмірлеп
Тарих жазу басталды!
Неге сонша
Құмар болдық нөмірге,
Өкім айтып
Өтіп кеткен өмірге?
Нөмірге өмір сыймайды ғой,
Ойлап көр,
Көнбейді ғой
Ілімге де,
Көңілге!
Миллиондап
Адамды айдап қасапқа,
Өртеп,
Отап,
Дән қалдырмай масақта,
Жаулап алып
Жалмап жұтқан жан­жағын
Тарихты тек
Біріншілер жасап па?
Небір ғажап
Ерлер өткен еңіреп,
Айта алмайсың
Бірін ауыр,
Жеңіл деп,
Ақиқатқа жетесің бе
Ойлап көр,
Аталарды
Аналарды
Нөмірлеп!
Желп­желп еткен
Жер жаһандық желікпен,
Естен танып
Есеп қуған,
Еріккен,
Жарнамаға
Жанын сатқан жайсаңдар
Нөмір құмар,
Орын құмар
Неліктен?
Нөмірлеумен
Түсінбессің заманды,
Нөмірлейді
Поездарды
Вагонды,
Нөмірлеген
Концлагерь
ГУЛагта...
Нөмірлеуге
Болмайды ғой адамды!
Ақыл­ойға,
Әділетке жүгінші,
Дүниенің
Шексіздігін ұғыншы...
Әрбір адам
Қайталанбас құбылыс,
Әрбір адам
Өз орнында Бірінші!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нөмір мен өмір өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Нөмір мен өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нөмір мен өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Нөмір мен өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері