Тарихты қопару – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Тарихты қопару» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2102
Тарихты
Келмейді
Қозғағым,
Қозғап ем
Жындана жаздадым,
Көрмей­ақ,
Білмей­ақ қояйын
Арыстың
Ақ жолдан азғанын.
Аруаққа
Ат қалған артында,
Тас ату
Жоқ ата салтымда.
Қопара берме деп
Өткенді
Айтатын
Әкеміз марқұм да!
Кезеңдер
Өткен ғой
Жұртқа сын,
Құйтырқы
Саясат құртқасын,
Қисайған,
Қираған тағдырлар
Жағасын
Жендеттер жыртқасын,
Қанқұйлы
Заманның
Құрбаны,
Тимеңдер,
Тып­тыныш
Ұйықтасын!
* * *
Оқытты:
«Өтірік жоқ,
Жамандау жоқ,
Әкең – жау,
Атаң да жау,
Ағаң жау» деп,
Жалғанның жетегінде жүре бердік
Бұғыңқы
Бодан елде бағамдау жоқ!
* * *
Ойлыға оңай боп па ол заманда,
Кеңестік кескілесті болжаған ба,
Көрдегіге төрешіл төрдегіні
Апарып қояр ма еді сол заманға?
* * *
Ары аударып
Аруақтарды,
Бері аударып,
Біз осы
Кімнен,
Не үшін,
Не дауладық?
Салыстырып,
Тартысып,
Талас қылып,
Құр босқа
Қанша уақыт
Танаурадық!
* * *
Сүйек тауып сан ғасырлық қалыңнан,
Таңба басып
Масаттанып салдың ба ән?
Өткеніңді қопарумен жүргенде
Ор қазылып қойған жоқ па алдыңнан?
Бақталастық
Бәсекеге безектеп,
Өзіңді өзің
Теуіп жүріп өзекке,
Алас ұрып қала көрме бір күні
Аждаһаның аузындағы көжектей!
Ерлігіне естен танып бабаның
Ертегіге шексіз нанған баламын.
Алдаспанын тірей ұстап көлденең
Тіліп өткен айдаһардың аранын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тарихты қопару өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Тарихты қопару өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тарихты қопару өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тарихты қопару өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері