Ата мен арқа – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Ата мен арқа» атты Баянғали Әлімжанов жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1430
Жайылып өркен өрісте болса,
Жайқалып бағың жеміске толса,
Аталарымның арқасы шығар
Көркейіп көшің кенішке қонса.
Мен үшін олар бәрінен артық
Кей ісі, тіпті теріс те болса,
Жер беті жұмақ боп кетпес пе еді
Егер де олар періште болса!
Еңіреп өткен
Бала үшін, ел деп,
Қанын да төккен
Дала үшін, жер деп,
Аталарым десем
От болып арқам,
Кеудемді бір күш кетеді кернеп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ата мен арқа өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Ата мен арқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ата мен арқа өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ата мен арқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері