Күй – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Күй» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 953
Айтыңдаршы мына күйiң не деп тұр?
Қос шектегi мынау әлем – дүние ғой бөлек бір.
Құмырсқадай жаудың жолын осынау
Қол басындай қарағайдың құдiретi бөгеп тұр.
Айтыңдаршы, мына күйiң не дедi?
Қайғы менен қуаныш та бұл далаға тел едi.
Құлағыма емiс-емiс егiлген үн келедi,
Қара бұлттың қақ астында желмаялар желедi.
Сол заманнан бір ғасырға бiз iлгерi тұрсақ та,
Тұлпарлардың тұяқтары дүрсiлдейдi бiр шақта.
Далам, саған ұлан-байтақ кеңдiк пен
Батырлық та маңдайыңа жазылған ба құрсақта!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері