Іңір әлдиі – Әскерхан Ақтай

Бұл бетте «Іңір әлдиі» атты Әскерхан Ақтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.11.2020
  • 0
  • 0
  • 691
Тізгініне кім ие,
Күн бір ұшқан күміс шар.
Шиыр ізді дүние,
Шылбырынан кім ұстар?
Жер теңізде тербелген,
Ғасыр-көшкен керуен.
Бір шетінде сергелдең,
Бір шетінде серуен.
Ұрттағаның ұртыңда,
Татқан дәмің таңдайда.
Сұрмерген ту сыртыңда,
Тағдырың тұр маңдайда.
Қалың тағдыр-қара ағаш,
Топыраққа иілсең.
Жер астында жалаңаш,
Жер бетінде киімшең...
Желкілдейді тал билеп,
Жез бұйдалы жел көшіп.
Іңір сазы әлдилеп,
Тербетеді жер бесік...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іңір әлдиі өлеңінің авторы кім?

Әскерхан Ақтай — осы өлеңнің авторы.

Іңір әлдиі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іңір әлдиі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әскерхан Ақтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іңір әлдиі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері