Сезім пернесі – Әскерхан Ақтай

Бұл бетте «Сезім пернесі» атты Әскерхан Ақтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1295
Түн пердесін бозғылданып таң сөгер.
Қуанамын шолпан жұлдыз жанса егер...
Сенің сұлу мүсініңді сала алмас,
Жиналса да ғаламдағы бар шебер.

Аққу арман ұшар қағып қанатын.
Көл бетіне күміс тамшы таматын.
Сенің сұлу дидарыңды жаза алмас,
Жырласада жаһандағы бар ақын.

Тәуекелддің арты мұнар, алды нұр,
Шақырады сері дәурен, сал ғұмыр.
Тербете алмас сенің нәзік жаныңды,
Жиналып ап сайраса да бар бұлбұл.

Сыр қатпарын ақтарады тінтіп ой.
Өмір базар, бір күн қайғы, бір күн той.
Күллі шайыр айта алмаған теңеуді,
Көлденеңнен біреу айту мүмкін ғой.

Сырғып уақыт, сынығындай шекердің
Өтсін мейлі айлар, жылдар, бекер күн.
Неше шебер сыза алмаған бейнеңді,
Бір бейтаныс салса, қалқам не етермін?.

Түсін мені... жырларыма үңіл де.
Тағдырыңнан еш уақытта түңілме!.
Бұлбұл біткен оятпаған жүректі,
Бірақ...біреу тербетпей ме, түбінде.

Жаңбыр жауса мөлдірейді күлте гүл,
Тамшы тұнған гүл жанарын сүрте жүр...
Сезім қылын шерте алмай алдыңда,
Отыр бәлкім...жүрегі жоқ құлтемір...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезім пернесі өлеңінің авторы кім?

Әскерхан Ақтай — осы өлеңнің авторы.

Сезім пернесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезім пернесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әскерхан Ақтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезім пернесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері