Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 18599
Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің,
Қойға пана болмайды тал дегенің.
Жалаң аяқ, жалаң бас қой арқалап,
Хан ата, қандай екен мал дегенің?
Сыйлайды ханымыз деп үлкен- кіші,
Біреудің хақын жемес жақсы кісі.
Тақтағы хан, таптағы биді еңкейткен,
Хан ата, қандай екен малдың күші?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері