Ізгілік – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ізгілік» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 9456
Өзендер суын ұсынып,
Таратар нұрын күн бөліп.
Жаныңды орман түсініп,
Сыйлайды барсаң гүл беріп.
Айығып қысқы ойынан
Жадырар жазда күз күліп.
О, адам, сенің бойыңнан
Табылмас қайтіп ізгілік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері