Қауырсыным қардай аппақ – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Қауырсыным қардай аппақ» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қауырсыным қардай аппақ,
Бауырым,
ол да ақ түсті болса деп ем ақ тілеп.
Ақ дүние сипатпастан сауырын,
Ұшқан құстай ұзап кетті бақ тілеп.

Аш белімде ақ семсерім бар еді,
Қылпылдаған қыланы жоқ кешегі.
Аңсау болған ақтың салған әлегі,
Сірә, бүкіл ғұмырыма жетеді.

Ақ орамал бұлғап едім ақ бұлтқа,
Көзін ақ шел қаптаған ба, көрмеді.
... Енді апара жатқанында ақтыққа,
Қара мені емдеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері