Жапырақтар сыбырлап «сүйдім» дейді – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жапырақтар сыбырлап «сүйдім» дейді» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 637
Жапырақтар сыбырлап «сүйдім» дейді,
Көңілімнен көктемдей күй гүлдейді.
Аспандағы ай, сыбызғы тартып түнде,
Әуенге елтіп, жұлдыздар би билейді.
* * *
Ашық өңі бұзылды ақ аспанның,
Ақ аспанның астында адасқан кім?
Дүлей дауыл ұйқыдан оятып жүр,
Жапырағын жұлқылап ағаштардың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері