Уақыт деген ұрлайды қуатты бар – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Уақыт деген ұрлайды қуатты бар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Уақыт деген ұрлайды қуатты бар,
Қуат бітсе, жағаға лақтырар.
Бір жапырақ жыласа, қош айтысып,
Мың жапырақ шуылдап жылап тұрар.
Әлдилейді жанымды бір баяу үн,
Басып келе жатқандай мұңды аяғым.
Жапырақтар бір-бірін қуалайды,
Ішіп алып сап-сары Күн бояуын...
Жазады екен, ескен жел бұлтқа өлең,
«Жауар» - деген жаңбырлы үмітпенен.
Шоқтай болып жер бетін қимай батқан,
Күн соңынан асығып қуып келем.
Жетем деген сәулелі үмітпенен.
Бір-бірінен, табиғат қуатты алар,
Жауап бермей жел уақыт сұраққа бар
Бір жапырақ құласа, ғұмырға ұқсап,
Мың жапырақ соңынан жылап қалар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері