Өлең, жыр, ақындар

Бір аунап түсті Күн тағы

  • admin
  • 07.09.2024
  • 0
  • 0
  • 350
Бір аунап түсті Күн тағы,
Тыраулап кетті түндерім.
Қылаулап қардың ұнтағы
Сыр аулап тұр ма, білмедім.

Тоңдырып тұрып қолына
Қондырып жатыр қараша.
Соңғы үміт демей, сорыма
Сендірші мені балаша.

Көз ілгім келмей сандалам,
Сезімнің жерлеп мүрдесін.
Болармын қалай тәнге алаң.
Жаныма балап жүргесін.

Дәл солай, мыңның ішінде
Менікі болар жоқ ешкім.
Мұнара мұңның ішінде,
Тұра алар енді емеспін.

Еміренбе және құшпа да,
Әйнектің арғы бетінен.
...Ұғатын мені құс қана,
Ұнатып қалма, өтінем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Арайлы таң!», «Қайырлы түн!»

  • 0
  • 0

«Арайлы таң!», «Қайырлы түн!»,
Қысқа ғана қайырған хаттарыңыз,
Байқатады –
Сағыныш Намазшамова

Толық

Өмір, өмір...

  • 0
  • 0

Өмір, өмір...
Көз алдымда көлбейді
бір қараңғы, бір жарық.
Сағыныш Намазшамова

Толық

Жолдар, жолдар

  • 0
  • 0

Жолдар, жолдар, қай жаққа алып барасың?
Жақындатып батыс-шығыс арасын.
Сағым болып жүгіреді жеткізбей,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Қарап көріңіз