Қайтармыз қазақстанға – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қайтармыз қазақстанға» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 6162
Қайратты күш шыдатпас,
Шығар жаудың талқаны.
Қайтармыз Қазақстанға,
Аралармыз Арқаны.
Құдіретті күшімен,
Құрар жеңіс салтанат.
Қалған бірге жабырқап
Күлер қайта махаббат.
Топырағында туған жер,
Аунап-қунап жатармыз.
Көкорайлы көлдерден,
Кегер үйрек атармыз.
Астымызда жүйрік ат,
Шапқылармыз зымырап.
Асқар тауға шығармыз,
Бұлтымен бір бұлдырап.
Қайратты күш шыдатпас,
Шығар жаудың талқаны,
Қайтармыз Қазақстанға,
Аралармыз Арқаны.
1942. Волхов майданы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері