Сүмбіле – Мерей Қартов

Бұл бетте «Сүмбіле» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1327
О, Сүмбіле сүттей-ақ,
ұзақ күнім қысқарды.
Қарашаны күтпей-ақ,
қыр асырдым құстарды.

Су сүйегін суыттың,
бүрістірдің бүргенді.
Сөз демімен жылыттым,
кеудемдегі гүлдерді.

Сүмбіл шашты бақтардың,
иіскедім қошынан…
Сүмбілелі ақ таңның,
арайына асығам.

Жүрегімде – жыр ағын,
оу, Сүмбіле біл мұны.
Аспан мен жер тұрағын,
алмасармыз бір күні!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүмбіле өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Сүмбіле өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүмбіле өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүмбіле өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері