Бұл бетте «Біздің жақтың тауына» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біздің жақтың тауына бұлттар үйір келеді,
Біздің жақтың бауына құстар үйір келеді.
Біздің жақтың өзенін бұлақтар көп іздеген,
Біздің жақтың кезеңін гүл бүркейді жүздеген.
Іздей-іздей бұлақтар арып- шаршап жетеді,
Көк өзеннің арнасын мәңгі мекен етеді.
Кезеңдегі көп гүлдің күзде сұрқы кетеді,
Тек қарғалдақ қасқайып қаңтар да да өседі.
Тауға үйір көп бұлттар сіркіреп ап өтеді,
Қар секілді мәңгілік қалып қалса не етеді?!
Біздің жақтың қыздарын елі аңыз етеді,
Өрлігі бар жігіттер алысқа алып кетеді…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі