Баспан тау – Мерей Қартов

Бұл бетте «Баспан тау» атты Мерей Қартов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1254
Сенен құдірет сеземін, Баспаным нән,
Аю демі еседі қош қарыңнан.
Қызыл-жасыл жайнаған дүние-ай деп,
Құбылады шуаққа таста қынаң.

Қарағаның, ол да әсем теңселеді.
Қара қияң не деген еңселі еді?!..
Шекесінен шық кеппес – мен де – шөбің,
Баспаным-ау, маған да сенсең еді!..

Қабағыңда түксиген қалың мұнар,
Жауын шақыр Ұлыңа, жалынқұмар!
Екіндіңнен еңкейсем,
Маңдайымнан
жұпарымен өбеді тобылғылар.

Талды-Базар тасыған – жиегіңде.
Арқар жатыр үйездеп иегіңде.
Бауырыңа, Баспаным, мені де бас,
Сенімен бір – қаным да, сүйегім де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баспан тау өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Баспан тау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баспан тау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Баспан тау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері